10:44, 29 Қараша 2015 | GMT +5
Ақмола облысында жол-көлік апатының саны 22,5%-ға қысқарды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысында ағымдағы жылдың 10 айында жол-көлік апатының саны 22,5%-ға қысқарды, деп хабарлады аймақтың ІІД баспасөз қызметінде.

«Ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша жол апаты көрсеткішінің төмендеуі байқалды. Осылайша есептік кезеңде жол-көлік оқиғасының саны 22,5% қысқарды»,- делінген хабарламада.
Жол-көлік апаттарының орын алуына негізінен жүргізушілердің тәртіпсіздік танытуы себеп болады. Жылдамдықты асыру салдарынан облыс аумағында 92 жол-көлік апаты, қарсы жолаққа шығу салдарынан - 44 жол-көлік оқиғасы, маневр жасау ережелерін бұзу және ара қашықтықты сақтамау салдарынан 73 жөл-көлік апаты болған.