Ақмола облысындағы су қоймасында жоғалып кеткен 2 балықшы табылмай жатыр

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Аршалы ауданындағы Вячеслав су қоймасында жоғалып кеткен балықшылар екі тәуліктен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, балықшылардың жоғалғандығы туралы 10 қазанда сағат 7:00 Аршалы аудандық полиция бөліміне Теміртау қаласының тұрғыны хабарлап айтқан.

Ер адамның сөзінше, олар 9 қазанда Вячеслав су қоймасына балық аулауға барған. Күні бойы олар бірге болған, ал кешкісін ол көлігіне ұйықтауға кетіп, достары жағада қалған. Келесі күні таңғы сағат 07:00 шамасында достарының жоқтығын байқаған ер адам полиция мен құтқарушыларды шақырды.

«Іздестіру жұмыстарына полиция мен құтқарушылар, сондай-ақ, балықшылардың таныстары тартылды. Сол күні су қоймасының жағасындағы қамыстың арасынан моторлы қайық табылды. Ал, балықшылар табылған жоқ. Іздестіру жұмыстарына сүңігурлерді тарту да қарастырылған», - деді ведомстводан.

Еске салсақ, Павлодар облысында бес күн бұрын жоғалған балықшылардың денесі көлден табылған еді.
Соңғы жаңалықтар