Ақмола облысының полицейлері үздік журналистерді марапаттады (ФОТО)

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін 28 маусым - Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында Ақмола облыстық ІІД басшысы Ержан Сәденов республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, үздік журналистерді марапаттады.
None
None

Мерекелік шарада департамент басшысы қоғамдық тәртіпті сақтауда, құқық қорғау органдарының жұмысын көрсетуде белсенділік танытқан  республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Б.Амалбек, «Казахстанская правда» газетінің тілшісі Ш.Тәшенов, «Хабар» және «24.kz»  телеарналарының тілшілері Д.Шайдаров пен С.Құсайынов және тағы басқа да өңірдегі бірқатар республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, үздік журналистерге алғыс хаттар табыс етті.
Олардың арасында «ҚазАқпарат» ХАА өңірдегі меншікті тілшісі Аслан Оспанов та бар.

null null null null null null   

Соңғы жаңалықтар