Ақмола облысының тұрғыны Чехия елінде жасалған көне мылтықты полицияға тапсырды
Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.
Полицейлердің мәліметі бойынша, аталған қаруды тапсырған - 36 жастағы Шортанды ауданының тұрғыны.
«BRNO - ЗКК маркалы карабин чехияның Brno қаласындағы Zbrojovka Brno мылтық зауытында шығарылған. Аталған зауыттың негізі 1918 жылы қаланып, сол кездегі көптеген елдердің әскерлері осы мылтықты пайдаланған болатын. Көне қаруды полиция тапсырған ер адамның айтуынша, аталған қаруды оның атасы кезінде қазақстанға моңғолиядан қоныс аударған кезде өзімен бірге ала келген», - деп көрсетілген хабарламада.
Жалпы, облыс аумағында жүргізіліп жатқан акция барысында тұрғындардан 274 дана заңсыз сақталған қару алынды. Оның 247-сі тегіс ұңғымалы болса, 20-сы кесілген және 7 травматикалық қару. Тапсырылған қарудың жалпы құны 12 миллион теңгеге бағаланып отыр.