Ақмола тұрғынының үйінен 8 келі марихуана табылды

Астрахан ауданының 35 жастағы тұрғынының үйінен ірі көлемде кептірілген есірткі заты табылды, деп хабарлайды Kazinform Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

есірткі
Фото: Ақмола облыстық ПД

Ведомствоның мәліметінше, күдікті басқа қылмыстық іс бойынша тергеліп жатыр. Енді Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша заң алдында жауап береді. 

Жүргізілген тергеу іс-шараларының нәтижесінде құқық қорғау органдары кептірілген марихуана есірткі затын тауып, тәркіледі.

Сараптама көрсеткендей, алынған заттың салмағы - 8 кг асады.

Анықталғандай, ер адам жұбайы және баласымен бірге тұрады.

Сонымен бірге, оның үйінен оқу-жаттығу гранатасы және пышақ табылып, сараптамаға жіберілді.

«Қазіргі кезде күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалып, Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігі (есірткі құралдарын заңсыз сақтау) және 287-бабы 3-бөлігі (қаруды заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, - деп түсіндірді ведомстводан.

Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысының Есіл ауданында 50 жастағы тұрғын үйінде 6 кг кептірілген марихуана сақтағанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар