Ақмолалық полицейлер ауа райына байланысты жүргізушілерге ескерту жасады

АСТАНА. KAZINFORM – Соңғы күндері Ақмола облысында ауа райы күрт өзгеріп, жаңбыр аралас қар жауа бастады. Полиция қызметкерлері жолдарда көктайғақ болуы мүмкін екенін ескертіп, жүргізушілерді сақтық шараларын күшейтуге шақырды.

жол көктайғақ
Фото: Видеодан алынған скрин

Ведомствоның мәліметінше, ауа температурасының төмендеуіне байланысты жол қозғалысы қиындап, жол-көлік оқиғаларының туындау қаупі артып отыр.

- Осыған орай тәртіп сақшылары көлік иелеріне қыс маусымына алдын ала дайындық жүргізуді ұсынады: жазғы дөңгелектерді қысқы түріне ауыстыру, жылдамдықты азайту және арақашықтықты сақтау қажет, - деп ескертті жол сақшылары.

Полиция барлық жүргізушіні жолда аса мұқият болып, ауа райы жағдайын бақылап отыруға шақырды.

Айта кетейік, СҚО-да қыс қарсаңында 4 мың шақырым жол тексеріліп, бірқатар кемшілік анықталды.

Соңғы жаңалықтар