Ақмолалық полицейлер бір күнде облыс бюджетіне 6 млн. теңгеден астам қаражат өндірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 20 шілдеден бастап Ақмола облысында «Борышкер» жедел алдын алу шарасы өткізіліп жатыр.
None
None

Бұл туралы Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

«Борышкер» жедел алдын алу шарасының бір күнінде тәртіп сақшылары әкімшілік айыппұл салынған 1237 азаматты мекен-жайы бойынша тексерді.

Түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша кәсіпорындар мен ұйымдарға 24 ұйғарым жіберілді. Облыс бюджетіне айыппұлдың 6 млн. теңгеден астамы өндірілді. Айыппұл тұрағына 12 көлік қойылды.

Аталған шара жалғасып жатыр.

Соңғы жаңалықтар