11:32, 22 Мамыр 2023 | GMT +5
Ақордада Сингапур Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сингапур Президенті Халима Якобты Ақордада салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Құрмет қарауылының бастығы Мемлекеттер басшыларына рапорт берді, сондай-ақ Қазақстан мен Сингапурдың Әнұрандары орындалды.
Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Сингапур Президенті Халима Якобпен келіссөз жүргізеді деп жоспарланған.
Кездесу барысында екі елдің саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланады.



