Ақпанда Ақтөбедегі 6 ауылдық округтің әкімі сайланады

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Ақтөбеде ауылдық округтердің әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталды. Барлығы төрт ауданның 7 ауылдық округінде сайлау өтеді.

Ақмола облысында сайлау қорытындысы жарияланды
Фото: Kazinform

Ақтөбе облысындағы 4 ауданның аумақтық сайлау комиссиясы 7 ауылдық округ әкімдерін сайлауды 11 ақпанға тағайындады. Қобда ауданының Сарбұлақ, Сөгәлі, Мұғалжар ауданының Қ. Жұбанов ауылдық округінде, Хромтаудың, Абай және Бөгетсай, Шалқар ауданының Кішіқұм және Тоғыз ауылдық округтерінде әкім сайланады.

Ауылдық округ әкіміне кандидаттар ұсыну 4 қаңтарда басталып, аяқталды.

– Сайлау науқаны басталғаннан бері 31 адам ұсынылды. 4 үміткер өз өтініші бойынша кандидатурасын алып тастады. Ал біреуі сәйкестік рәсімінен өтпей қалды. Сөйтіп барлығы 26 кандидат тіркелді. Оның ішінде бесеуі «AMANAT» партиясының, екеуі «Ақжол» партиясының ұсынуымен тіркелді. Ал қалған 19 адам өзін-өзі ұсынушы. Орташа бәсекелестік бір округте 4 адамнан. Кандидаттардың орташа жасы 35, ең жасы 30-да, жасы үлкені 50-де,- деп хабарлады Ақтөбе облыстық аумақтың сайлау комиссиясы.

Айта кетейік, Ақтөбе облысындағы ауылдық округ әкімдерінің сайлауы 11 ақпанда өтеді.