Ақсайда жол апатынан алты жасар бала қаза тапты

ОРАЛ. 6 қараша. ҚазАқпарат - 2 қараша күні Ақсай қаласындағы Тихоненко мен Юбилейный көшелерінің реттелмейтін қиылысында бұдан бұрын көлік құралын жүргізу құқығынан айырылса да, соған қарамай, рульге отырған «Опель-Фронтера» автокөлігінің 1984 жылғы жүргізушісі А. жол ережесін бұзып, «Мицубиси» автокөлігіне жол бермей, түйіскен.
None
None
Жол полициясынан түскен мәліметке қарағанда, апат салдарынан «Опельде» болған 2007 жылғы балдырған аса ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілгенмен, есін жия алмай, көз жұмды. 2005 жылғы тағы бір өспірім мен 1984 жылғы А. есімді жолаушы, аталған жүргізушінің өзі басынан және басқа жерінен алған жарақатпен Бөрлі аудандық ауруханасына жатқызылды.
Соңғы жаңалықтар