АҚШ 7 жылдан кейін Венесуэладағы дипломатиялық миссиясын қайта ашты

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ-тың жаңа уақытша сенімді өкілі Лаура Догу Венесуэлаға келді. Осы арқылы 2019 жылдың ақпанынан бері тоқтатылған дипломатиялық қарым-қатынасты жандандырды. 

АҚШ 7 жылдан кейін Венесуэладағы дипломатиялық миссиясын қайта ашты
Фото: x.com/usembassyve

Бұл қадам АҚШ-тың Венесуэладағы әскери операциясынан кейін шамамен бір ай өткен соң жасалды.

— Венесуэлаға жаңа ғана келдім. Менің командам жұмысқа кірісуге дайын, — деп жазды Лаура Догу АҚШ-тың Венесуэладағы елшілігінің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған хабарламада.

Айта кетейік, Венесуэланың биліктен шеттетілген президенті Николас Мадуроның шешімімен 2019 жылдың ақпан айында Каракас пен Вашингтон дипломатиялық қарым-қатынастарын үзді. 

Лаура Догу бұған дейін Никарагуа мен Гондураста елші болған.

Еске салсақ, арнайы операция барысында Венесуэла президенті Николас Мадуро мен оның жұбайы АҚШ-қа жеткізіліп, тұтқындалған

Биыл қаңтар айында Николас Мадуро биліктен шеттетілгеннен кейін алғаш рет АҚШ Мемлекеттік департаментінің делегациясы Венесуэлаға барды.

Автор: Аружан Жәнәділ

Соңғы жаңалықтар