АҚШ елшілігі өз азаматтарын Израильден эвакуациялай алмай отыр
АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ-тың Израильдегі елшілігі әзірге америкалық азаматтарды эвакуациялауға мүмкіндігі жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform.

Мәлімдемеге сәйкес, АҚШ-тың Иерусалимдегі елшілігі сейсенбі, 17 маусымда жабылады.
— Қазіргі қауіпсіздік жағдайы және Израиль мен Иран арасындағы жалғасып жатқан қақтығысқа байланысты АҚШ елшілігі АҚШ-тың барлық мемлекеттік қызметкерлері мен олардың отбасыларына келесі ескертуге дейін үйлерінде немесе жақын маңында болуды бұйырды, — делінген елшіліктің Х әлеуметтік желіде таратқан хабарламасында.
АҚШ елшілігі сондай-ақ қазіргі уақытта америкалық азаматтарды эвакуациялауға немесе Израильден кетуге тікелей көмектесуге мүмкіндігі жоқ екенін хабарлайды.
Бұған дейін АҚШ Таяу Шығысқа «USS Nimitz» әуе кемесін жіберетінін жазған болатынбыз.
Ал Иранның мемлекеттік ақпарат құралдары Израильге зымырандық шабуылдардың жаңа толқыны басталғанын мәлімдеді.