АҚШ Кариб теңізінде тағы бір мұнай танкерін басып алды
АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ-тың Жағалау күзеті Венесуэла суларында бесінші мұнай танкерін абордаж арқылы тоқтатты. Сонымен қатар, санкция салынған танкерлерге қатысты шектеулерді айналып өтуге тырысқан кемелерге бақылауды жалғастырып отыр, деп хабарлайды BILD.
Ресми тұлғалардың мәліметінше, әңгіме бұрын Minerva M деп аталған Olina танкері туралы болып отыр. Бұл кеме АҚШ-тың санкциялық тізіміне енгізілген.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, танкер Шығыс Тимор туы астында жүрген, алайда бұл заңсыз болғаны айтылады.
Once again, our joint interagency forces sent a clear message this morning: “there is no safe haven for criminals.”
— U.S. Southern Command (@Southcom) January 9, 2026
In a pre-dawn action, Marines and Sailors from Joint Task Force Southern Spear, in support of the Department of Homeland Security, launched from the USS Gerald R.… pic.twitter.com/StHo4ufcdx
АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі танкерлерді ұстауды Венесуэланың уақытша үкіметіне қысым жасау құралы ретінде, сондай-ақ «көлеңкелі флотпен» күресу үшін пайдаланып отыр.
— Венесуэланы оқшаулау — бізде барынша тиімді қысым тетіктері бар деп санауымыздың басты себебі, — деді АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио аптаның басында екі танкер ұсталғаннан кейін.
Еске салайық, бұған дейін АҚШ екі мұнай танкерін — ресейлік «Маринера» мұнай танкерін және азаматтығы жоқ Sophia кемесін ұстаған болатын.
Сонымен қатар, АҚШ бұған дейін Венесуэламен байланысты төрт мұнай танкеріне санкция енгізген.