АҚШ Мемлекеттік хатшысы Қытайды Ормуз бұғазы мәселесі бойынша Иранға ықпал етуге шақырды
АСТАНА.KAZINFORM - Вашингтон Тегеран жағындағы Ормуз бұғазының жабылуына алаңдаушылық білдіріп, Бейжіңді Иран басшылығына ықпал етуге шақырды, деп хабарлайды Кazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио жексенбі күні Fox News эфирінде Қытай Иран мұнайының ең ірі тұтынушыларының бірі ретінде Иран парламентінің бұғазды жабу туралы әрекетіне араласуы керек деп мәлімдеді. Ормуз бұғазы арқылы әлемдік мұнай мен газ көлемінің шамамен 20%-ы өтеді.
- Мен Қытай үкіметін осы мәселе бойынша олармен байланысуға шақырамын. Өйткені олар көбінесе Ормуз бұғазына мұнай жеткізуге тәуелді, - деп атап өтті Рубио.
Оның айтуынша, бұғазды жабу үлкен қателік, ол ең алдымен Иранның өзі үшін ауыр экономикалық зардаптарға әкеледі. Рубио мұндай қадам АҚШ пен басқа мемлекеттердің реакциясын тудыратынын, оның соңы ауқымды шиеленіске ұласуы мүмкін екенін айтты.
Қазір бұғаздың жабылғаны туралы ресми ақпарат жоқ.
Сонымен қатар Қытай АҚШ-тың Иранға жасаған шабуылы мен ядролық нысандарды бомбалауын қатаң айыптады. Өз кезегінде БҰҰ бұның аймақ үшін «қауіпті бұрылыс» екенін мәлімдеді.
Айта кетейік, Түркия Ормуз бұғазы жабылған жағдайда балама жолдарды анықтап жатыр.
Иран сауда кемелері үшін Ормуз бұғазын жаппауға уәде берді.
Иран Израиль шабуылынан кейін Ормуз бұғазын жабайын деп жатыр.