АҚШ-пен келісім: Киев «АЭС-сіз» жер қойнауы туралы келісімге қол қоюға дайын екенін мәлімдеді

АСТАНА. KAZINFORM – Бұл туралы Владимир Зеленский кеңсесінің кеңесшісі Сергей Лещенко мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.

АҚШ-пен келісім: Киев «АЭС-сіз» жер қойнауы туралы келісімге қол қоюға дайын екенін мәлімдеді
Фото: aa.com.tr

Украина минералды ресурстарға қатысты келісімнің ақпан айының соңында дайындалған нұсқасына АЭС-ке қатысты жаңа толықтыруларсыз ғана қол қоя алады. Бұл туралы Владимир Зеленский кеңсесінің кеңесшісі Сергей Лещенко хабарлады.

– Біз келісімді кеңейтуге деген ұмтылысты көрдік. Әзірге кеңейтілген нұсқасы келген жоқ, министрлер кабинетінен өткен нұсқасы ғана бар. Ол қол қоюға дайын. Бұл Ақ үйге қол қоюға барған нұсқа. Басқа нұсқалар жоқ, – деді ол «Рада» телеарнасында.

– Егер басқа нұсқа болса, оны министрлер кабинетіне жіберіп, дауыс беріп, кейін қол қоюға дайын болуы керек, – деп қосты ол.

«Келісімшартты қалай кеңейту ұсынылып отыр?» деген сұраққа жауап берген Лещенко АҚШ-тың Украина атом электр станцияларын бақылауға қатысты мәлімдемелеріне тоқталды.

– Қазіргі уақытта бұл келісімшартта жоқ, – деп қосты ол.

Айта кетейік, Эр-Риядтағы АҚШ - Ресей келіссөзі аяқталды.

Ресеймен келіссөзді аяқтаған АҚШ Украинамен талқылау өткізіп жатыр.

 

Соңғы жаңалықтар