АҚШ пен Украина делегациялары бейбітшілік жоспары туралы келіссөз жүргізіп жатыр
АСТАНА. KAZINFORM – Украина Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рүстем Умеров Флоридада украин және америкалық делегация арасындағы келіссөз басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BBC.
Олар Дональд Трамп әкімшілігі Ресей тарапымен бірлесіп әзірлеген және Женевада Украина және еуропалық елдермен жақында өткен келіссөздерден кейін өзгертілген бейбітшілік жоспарын талқылап жатыр.
Консультациялар Майами маңында, Дональд Трамптың арнайы елшісі Стив Уиткоффтың компаниясы салған жеке Shell Bay гольф клубында өтіп жатыр.
Америка тарапы ұсынған және Ресеймен бірлесіп әзірлеген бастапқы бейбітшілік жоспарында 28 тармақ болды. Алайда, Женевада Украина және еуропалық серіктестермен кеңескеннен кейін жоспар өзгертілді.
Батыс БАҚ-тары ең күрделі мәселелер - Америка Құрама Штаттарының аумақтық және қауіпсіздік кепілдіктері «жақшаға алынып», президенттер Дональд Трамп пен Владимир Зеленскийдің қарауына қалдырылуы мүмкін екенін хабарлады.
Өткен аптада Швейцарияда Украина бойынша келіссөз аяқталды. Женевада өткен келіссөздерден кейін АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Украина шенеуніктерімен соғысты тоқтату жоспарын талқылауда «айтарлықтай ілгерілеушілік» болғанын мәлімдеді.
Бұған дейін Трамптың Украинадағы бейбітшілік жоспары Флорида мен Парижде талқыланатынын жазған болатынбыз.