АҚШ президенті Қазақстанға келе ме – Елші жауабы

Қазақстандағы АҚШ елшісі Дэниел Розенблюм тілшілермен өткізген дөңгелек үстел отырысында АҚШ президенті Джо Байденнің Орталық Азияға сапары жөнінде сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ақш елшісі
Фото: "ҚазАқпарат" ХАА

«Орталық Азия елдерінің Тәуелсіздік алғанына 30 жылдан асты, бірақ бірде-бір АҚШ көшбасшысы бұл аймаққа келмеді. Алдағы уақытта мұндай жоспар бар ма?», - деп сұрақ қойды тілшілер.

Өз жауабында АҚШ елшісі дәл қазір еш мәлімдеме жасай алмайтынын жеткізді.

«Дегенмен, мұндай ықтималдық бар екенін атап өткім келеді. АҚШ-тың жоғары билігі тарапынан Қазақстанға және Орталық Азияға үлкен қызығушылық байқалуда. Сондықтан, Президент сапары бойынша ықтималдық бар», – деп жауап берді Дэниел Розенблюм.

Еске сала кетсек, өткен аптада АҚШ Президенті Джо Байден «С5+1» форматында алғаш рет Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан президенттерімен кездесу өткізген еді. Сарапшылар мұны тарихи сәт деп бағалады.

Соңғы жаңалықтар