АҚШ-та 19 елден келген азаматтардың грин-карталары қайта тексерілмек
АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ Азаматтық және иммиграция қызметі (USCIS) 19 «проблемалы елден» келген шетелдік азаматтардың грин-карталарын қайтадан тексереді, оның ішінде Ауғанстан да бар, деп хабарлайды АЗЕРТАДЖ.
Бұл туралы АҚШ Азаматтық және иммиграция қызметінің (USCIS) директоры Джозеф Эдлоу әлеуметтік желіде мәлімдеді.
Ол АҚШ президенті Дональд Трамп барлық «қатер төндіретін» елдерден келген шетелдік азаматтардың грин-карталарын толық және жан-жақты қайта тексеруді тапсырғанын атап өтті.
Бұл мәлімдеме АҚШ Ұлттық гвардиясының екі сарбазының Ақ үй маңында атып өлтірілгеннен кейін бір күннен соң жасалды. Күдікті — Ауғанстан азаматы. Ол 2021 жылы АҚШ-қа қоныс аударған.
Еске салсақ, жақында Ақ үй маңындағы атыстан кейін АҚШ Ұлттық гвардиясының екі сарбазы жараланды.
Кейіннен сарбазға оқ атқан күдіктінің жеке басы анықталды.