АҚШ-та Дональд Трамптың қонақүйінің жанында Tesla өртке оранды

АСТАНА. KAZINFORM – Лас-Вегас полициясы АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трампқа тиесілі Trump International Hotel қонақ үйі жанында Cybertruck электр пикапының өртенуін зерттеп жатыр, деп хабарлайды Kazinform агенттігі ТАСС-қа сілтеме жасап.

АҚШ-та Дональд Трамптың қонақүйінің жанында Tesla жарылды
Фото: видеодан алынды

RedState порталының хабарлауынша, қонақүйге келушілер жарылыс даусын естіп, сонымен қатар кіреберіс маңында қалың түтінді көрген.

- Біз Trump Tower кіреберісінде көліктің өртенуін тексеріп жатырмыз. Өрт сөндірілді. Оқиға орнына жақындамаңыз, - деп жазды Лас-Вегас полиция департаменті X желісінде.

Tesla иесі Илон Маск – Трамптың ең жақын одақтастарының бірі. Республикалық инаугурациядан кейін кәсіпкер бизнесмен Вивек Рамасвамимен бірге үкіметтің тиімділігін арттыру және бюрократиямен күресу бойынша жаңа әкімшілік жанындағы бөлімді басқарады деген болжам бар.

Илон Маск сайлау күнінен бері Трамптың резиденциясында тұрып жатқанын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар