АҚШ-та ірі компания басшысын өлтірді деген күдіктіге айып тағылды

АСТАНА. KAZINFORM — Дүйсенбі күні кешке Пенсильвания штатында United Healthcare бас директоры Брайан Томпсонды өлтірді деген күдікке ілінген Луиджи Манджонеге екі бірдей ауыр қылмыс жасады деген айып тағылды, деп жазады NBC News.

наручники
Фото: Polisia.kz

Күдікті дүйсенбі күні Пенсильвания штатының Алтуна қаласында қамауға алынды, оны McDonald’s клиенттерінің бірі танып қойған.

Құқық қорғау қызметкерлерінің айтуынша, офицерлер Луиджи Манджонеден бетпердесін шешуін сұрағаннан кейін оның Брайан Томпсонның өліміне күдікті жігіт екенін бірден таныған.

Күдіктіден Брайан Томпсонды ату кезінде қолданылған қаруға ұқсайтын тапанша тәркіленген. Сондай-ақ, күдіктінің бірнеше жалған куәлігі мен АҚШ төлқұжаты болған. Дегенмен полиция ол қашу жоспарлады деп есептемейді. Жалған құжат Нью-Джерси штаты Мейплвуд қаласының 26 ​​жастағы тұрғыны Марк Росариоға тиесілі болып шықты. Ол шабуылдан бірнеше күн бұрын Нью-Йорктегі хостелге кіру үшін пайдаланылған.

Манджонеге жалған құжат жасау және лицензиясыз қару алып жүру, сондай-ақ құжаттарын немесе жеке басын анықтауды бұрмалау, қылмыс құралдарын сақтау және құқық қорғау органдарына жалған куәлік беру бойынша үш айып тағылды.

Полицейлер одан Брайан Томпсонды өлтірді деп болжанған адамның киіміне ұқсас киім-кешек, сондай-ақ қылмыс мотивін айқындайтын қолмен жазылған үш парақ түріндегі айғақ тапты. Дәлелдер Алтуна полициясының қолында.

Ол өзіне тағылған айыптарды мойындамады. Оған кепіл беріп босап шығуға рұқсат берілмеді.

Оған жақын арада Брайан Томпсонды өлтіруге қатысты айып тағылады деп болжанды.

Еске салсақ, бұдан бұрын АҚШ Сириядағы 75-тен астам нысанаға соққы бергені анықталды.

Соңғы жаңалықтар