АҚШ-та саясаткер әрі блогер Чарли Киркке оқ атылды

АСТАНА. KAZINFORM – Консервативтік көзқарастарымен танымал америкалық блогер Чарли Киркке Юта алқабы университетінде сөйлеп тұрған сәтінде оқ атылды, деп хабарлайды DW.

ь
Фото: facebook / realCharlieKirk

Reuters агенттігінің дерегінше, тосын оқиға ол сөз сөйлей бастаған соң, шамамен 20 минут өткенде болған.

Daily Mail мәліметінше, Кирк мойнынан жарақат алған.

Fox News хабарлауынша, ол ауруханаға жеткізілді.

АҚШ президенті Дональд Трамп әлеуметтік желідегі Truth Social парақшасында пікір білдірді:

«Бәріміз Чарли Кирк үшін дұға етуіміз керек. Ол өте жақсы адам. Құдай жар болсын!» – деді ол.

ФБР директоры Кэш Пател «Х» желісінде арнайы қызмет Чарли Киркке қатысты қайғылы оқиғаға мұқият назар аударып отырғанын» жазды. Оның айтуынша, агенттер дереу оқиға орнына аттанып, ФБР тергеу барысына толық қолдау көрсетіп жатыр.

АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс те «Х» парақшасында Кирк үшін дұға етуге шақырып, оны «шын мәнінде жақсы адам әрі жас әке» деп атады.

Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ-та жолаушылар мінген тікұшақ апатқа ұшырағаны хабарланған еді.

Соңғы жаңалықтар