АҚШ-та тиіндер соғыс ардагерінің бірнеше жалауын ұрлап, ұя жасап алған
АСТАНА.ҚазАқпарат - Тиіндер АҚШ ӘӘК ардагерінің жер үйінің ауласынан кішкентай америка туларын ұрлаған, деп жазады UPI.
Ардагер көршісінің кішкентай жануарлардың жасағаны түсірілген видеосын көрсеткенше, тулардың жоғалғанына жабырқап, қайда кеткенін біле алмай жүрген.
Бұрынғы әскери қызметкердің қызы Дженнифер Нортэмнің айтуынша, ұрлықты адам жасамағандығын естігенде оның да, әкесінің де көңілдері орнына түскен. «Біз не ойларымызды да білмедік, өйткені бұл жаққа енді ғана көшіп келген едік», - дейді Дженнифер. Олар отбасымен «ұрылардың» ісіне әбден күлді.
Видеоны түсірген көршісі Дэвин Ривера-Дюктің айтуынша, тиіндер 10 жалаушаны мекендеріне тасып, олардан ағаш бұтақтарына ұя жасап
алған.