АҚШ-та жүк көлігі жарылып, 10 машина жанып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың Орегон штатындағы Портленд қаласында жүк көлігі отқа оранды. ABC News мәліметінше, жанармай төгілуі салдарынан шыққан өрт сол маңайдағы көлік тұрағына қойылған автокөліктерді шарпыған. 

АҚШ-та жүк көлігі жарылып, 10 машина жанып кетті

Салдарынан он автомобиль өртенді.

6ABC телеарнасының хабарлауынша, қаза тапқандар жоқ,  алайда бірнеше адам жеңіл жарақат алған. Оларға медициналық көмек көрсетілді.