АҚШ-тың әскери ұшақтары Гренландияға барады

АСТАНА.KAZINFORM - Солтүстік Америка аэроғарыш қорғанысы қолбасшылығының (NORAD) ұшақтары жақын арада Гренландиядағы АҚШ әскери базасына ұзақ уақыт бойы жоспарланған іс-шараларды жүргізу үшін барады, деп хабарлайды Gulf News.

Военные самолеты США прибудут в Гренландию — NORAD
Фото: misbar.com

Ұшақ Питуффик ғарыш күштері базасына континенттік Америка Құрама Штаттары мен Канададағы базалардан келеді. Мәлімдемеде іс-шаралар Даниямен үйлестірілгені және Гренландияға хабарланғаны айтылған.

- Олар АҚШ пен Канада, сондай-ақ Дания Корольдігі арасындағы берік қорғаныс ынтымақтастығына сүйене отырып, ұзақ уақыт бойы жоспарланған NORAD іс-шараларын қолдайды, - деп мәлімдеді NORAD.

Трамп Гренландияны «қандай да бір жолмен» басып аламын деп қорқыту арқылы АҚШ-тың трансатлантикалық одақтастары арасында алаңдаушылық тудырды.

Бұған дейін Еуроодақ трансатлантикалық қатынастар мен тарифтер мәселесін шешу ниетін хабарлаған.

Соңғы жаңалықтар