АҚШ-тың бірінші ханымы Мелания Трамп саммитке ЖИ-роботымен бірге келді

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ-тың бірінші ханымы Мелания Трамп Ақ үйде өткен «Болашаққа бірге көмектеміз» жаһандық коалициясының саммитіне қатысушылар алдында адам тәріздес роботпен бірге шықты.

Первая леди США появилась на саммите в сопровождении ИИ-робота
Фото: Видеодан скриншот

АҚШ президентінің зайыбы өткен жылы жариялаған бұл бастама бүкіл әлемдегі балалардың білім мен технологияға қолжетімділігін жақсартуға бағытталған. 
Бірінші ханым және робот Figure 03 қызыл кілеммен жүріп өтті.

— Figure 03, маған қосылғаныңыз үшін рақмет. Сіз — менің Ақ үйдегі алғашқы гуманоидты америкалық қонағым деп айтуға болады, — деп мәлімдеді Мелания Трамп.

Өз кезегінде гуманоид жиналған жұртшылықты 11 тілде құттықтап, технология мен білім беру арқылы балалардың мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған осы тарихи қозғалыстың бір бөлігі болу мүмкіндігі үшін алғысын білдірді, деп хабарлайды CNN. 

2025 жылдың қазан айында Калифорнияда орналасқан Figure AI робототехника стартапы үйде кір жуу, тазалау және ыдыс жуу сияқты тұрмыстық тапсырмаларды орындауда көмекші ретінде пайдалануға арналған үшінші буын гуманоидты робот Figure 03-ті таныстырды.

Осыған дейін Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысына төрағалық еткенін жаздық. 

Соңғы жаңалықтар