АҚШ-тың Джорджия штатындағы Hyundai зауытында 475 адам ұсталды

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік бақылау қызметі (ICE) Джорджия штатындағы Hyundai компаниясына тиесілі электромобиль аккумуляторларын өндіретін зауытта рейд жүргізіп, 475 адамды ұстады, деп жазады Анадолы.

Преступление Қылмыс наручники задержания Кісен ұсталды МВД РК ҚР ІІМ
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік министрлігінің мәліметінше, операция Федералды тергеу бюросы (ФБР) мен штаттық полициямен бірлесіп жүргізілген.

Эллабелл қаласындағы кәсіпорынға рейд «жұмысқа заңсыз орналастыру және өзге де ауыр федералдық қылмыстар бойынша жүріп жатқан қылмыстық тергеу аясында» өткен.

Рейд федералды судьяның санкциясымен жүзеге асқан. Ұсталғандардың көпшілігінің визаларының мерзімі өтіп кеткені немесе АҚШ аумағында заңсыз жүргені анықталған.

Сонымен қатар, ұсталғандардың басым бөлігі тек Hyundai емес, әртүрлі делдал компаниялардың қызметкерлері болғаны атап өтілді.

Ал Hyundai компаниясы бұл жағдайды мұқият бақылауда ұстап отырғанын және нақты мән-жайларды анықтау бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын хабарлады.

— Біздің деректерімізге сәйкес, ұсталғандардың ешқайсысы Hyundai Motor Company-дің тікелей қызметкері емес, — делінген компания мәлімдемесінде.

Осыдан бұрын АҚШ-тың Жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі ұлттық басқармасы (НАБДД) бейсенбі күні Ford маркалы 500 мыңға жуық автокөлікті тежеу жүйесіндегі сұйықтықтың ағуына байланысты кері қайтарып жатқанын мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар