АҚШ-тың Израильмен жанжалға араласуы Иранға соққыны күшейтеді - саясаттанушы

АСТАНА. KAZINFORM – Саясаттанушы Сұлтан Әкімбеков Иран мен Израиль арасындағы қақтығысқа қатысты пікір білдірді.

Израиль против Ирана: будет ли большая война на Ближнем Востоке
Коллаж: Kazinform; Pixabay; Pexels

- Иранның атом бомбасын өндіруге қаншалықты жақын қалғанын айту қиын. Әртүрлі көзқарас бар. Кейбіреулер қазірдің өзінде Иранның уранды 60 пайызға дейін байыта алғанын алға тартады. 5 маусымда Аятолла Хаменеи Иран уранды 60 пайызға дейін байыту ойынан бас тартпайтындығын мәлімдегені бар. Бәлкім, ол орындалған да шығар. Іс жүзінде уранды 60 пайыздан 90 пайызға дейін байыту шартты түрде 5 пайызға дейін байытудан әлдеқайда жеңіл. 12 маусымда МАГАТЭ мамандары жекелей алынған үлгілерден байыту деңгейінің 80 пайызға дейін жеткені анықталғанын мәлімдеген еді. Бұл - қару жасау деңгейіне өте жақын деген сөз. Соған орай Израиль Иран атом бомбасын жасауға жақын қалды деп санағаны анық, - дейді саясаттанушы.

Оның атап өтуінше, Израильде Иранның уранды байыту деңгейіне қатысты барлау мәліметтері де болуы ықтимал. 13 маусымда ирандық әскери басшылық пен ядролық технологиялар бойынша мамандарға дәл соққы жасау да Израильдің қолында Иранның ішкі жағдайына қатысты нақты ақпараттың бар екен білдіреді.

- Израиль 13 маусымда Иранға тек қана соққы жасап қоймай, сонымен қатар оған қарсы ұзақ мерзім әуеден шабуылдау операциясын жүргізбек. Тель-Авив Иранға 14 күн бойы шабуыл жасауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. 200 шабуылдағыш ұшақ болғанның өзінде, тіпті Израиль мен Иранды бөліп жатқан 1 500 шақырымды еңсергеннің өзінде 2 апта бойы әуеден шабуыл жасау өте көп, - дейді Сұлтан Әкімбеков.

Сарапшы Израиль қарымта соққыға дайын болғанын айтады.

- Иранның қуатты зымыран әскері, сонымен қатар шабуылдаушы көптеген ұшқышсыз аппараты бар. Онда 2 мыңнан 3 мыңға дейін баллистикалық зымыран бар деп есептелінеді. Тегеран 13 маусым күні кешкісін қарымта шабуыл жасады. Дегенмен, шабуылға қарымта жауап тұрғысынан айтар болсақ, онда өте ұзаққа созылып кетті. Бұған 13 маусым күні армия мен Ислам революциясы сақшылар корпусының көптеген командирінің мерт болуы себеп, - деді ол.

Сұлтан Әкімбеков Иран қарымта шабуыл кезінде 100-ден 200-ге дейін зымыран ұшырғанын, оның кейбірі Израильдің әуе қорғаныс күші жүйесін бұзып өткенін айтады.

- Бұл жағдайда Иранның мүмкіндігі көп емес. Іс жүзінде ол америкалық базаға, мәселен көршілес Ирактағы және Парсы шығанағындағы өзге араб елдеріндегі базаларға соққы жасауға тырысуы мүмкін. Бірақ, АҚШ-тың ең ірі базасы Таяу Шығыстың жергілікті геосаяси алаңында ең маңызды ойыншылардың бірі саналатын Қатарда орналасқан. Қатар белгілі бір деңгейде Иранның әлі де пайдасына жарайды. Мұның үстіне, Қатардың Тегеранмен барлық уақытта да тығыз байланысы болды. Бірақ, ең маңыздысы АҚШ-тың жанжалға араласуы Иранға соққыны күшейте түседі. Салмағы 13 тонна болатын америкалық бункерге қарсы бомбаны пайдалану Тегеран үшін басты проблемаға айналары сөзсіз. Израильде мұндай бомба да, оны тасымалдай алатын ұшақ та жоқ. Сондықтан ол байытылған уран сақтаулы тұрған Фрододағы жерасты орталығын жоя алмай отыр, - деді ол.

Осыған дейін Трамптың Израиль мен Иран арасында бейбітшілік орнатуға уәде бергені туралы жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар