Калифорния штатындағы ірі өрт салдарынан 12 мың адам эвакуацияланды
АСТАНА. KAZINFORM - «Франклин» деп аталатын өрт Калифорния штатының Малибу қаласындағы 4000 акр (1620 гектар) жерді шарпыды, деп жазады CBS News.
Лос-Анжелес округі өрт сөндіру қызметінің мәліметінше, Франклин өрті бір түнде 39%-ға артып, оған ауа райы, соның ішінде күшті жел мен төмен ылғалдылықтың аз болуы ықпал етті.
Лос-Анжелес шерифі Роберт Луна сәрсенбіде зардап шеккен аймақта шамамен 19 982 адам мен 7 560 құрылым болғанын айтты. 12 600-ге жуық адамға эвакуациялау туралы бұйрық берілді және шамамен 7 382 адам қауіпті аймақта қалып отыр және мүмкіндік болған жағдайда тұрғылықты жерлерін тастап кетуге дайын.
- Ауыр жарақат алғандар мен өлім-жітім туралы мәлімет жоқ, бұның өзі жеңіс және командалық жұмыстың нәтижесі, - деді Роберт Луна.
Малибу қаласы зардап шеккен тұрғындарға киім-кешек, азық-түлік, су және алғашқы медициналық көмек көрсету үшін апаттық станция мен баспана ашты.
Осыған дейін елімізде орман өртін ерте анықтайтын жүйе енгізіліп жатқаны туралы жаздық.