АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі сенім грамоталарының көшірмесін табыстады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев Америка Құрама Штаттарының жаңадан тағайындалған Елшісі Джули Стаффттан сенім грамоталарының көшірмесін қабылдады.

АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі сенім грамоталарының көшірмесін табыстады
Фото: ҚР СІМ

Тараптар Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестіктің ағымдағы жағдайы мен перспективаларын талқылады.

АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі сенім грамоталарының көшірмесін табыстады
Фото: ҚР СІМ

Кездесу қорытындысы бойынша сұхбаттастар бірлескен жұмысқа дайындығын растап, диалогты жалғастыру туралы келісті.

Еске сала кетейік, бұған дейін былтырғы жылдың қазан айында Джули Стаффт АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі болып тағайындалғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар