АҚШ-тың жаңа сауда баждары 7 тамызда күшіне енеді

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ президенті Дональд Трамп бірқатар елдерге қатысты жаңа салықтар енгізу туралы жарлыққа қол қойды, деп жазады DW.

Трамп
Фото: x.com / @WhiteHouse

Құжат 31 шілде, бейсенбі күні Ақ үйдің сайтында жарияланды.

Ең жоғары тарифтер Швейцарияға (39%), Сирияға (41%), Лаос пен Мьянмаға (40%), Иракқа (35%) және Үндістанға (25%) белгіленген.

ЕО, Жапония және Оңтүстік Корея үшін 15% қосымша ақы қарастырылған.

Тізімде жоқ елдерге 10 пайыздық бірыңғай тариф қолданылады.

Баждар 7 тамызда күшіне енеді. Әуелгі жоспар 1 тамызда болғанымен АҚШ шенеунігі жаңа ережелерді жүзеге асыру үшін көбірек уақыт қажет екенін мәлімдеген.

Бұған дейін Трамп сауда келісімі жасалмаған елдерге баж салығын енгізу туралы жарлыққа қол қоятынын жаздық.

Сондай-ақ, Трамп Бразилиядан келетін импортқа кедендік баж салығын 50%-ға дейін көтерді.

Соңғы жаңалықтар