АҚШ валютасы 540 теңгеге жақындады
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валютасы нарығындағы сауда-саттық аяқталды.
Күндізгі сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа бағамы 539,55 теңге болып, 0,95 теңге өсті. Ұлттық банктің 2 қыркүйекке белгіленген ресми бағамы — 538,54 теңге.
Kurs.kz дерегінше, Алматыдағы айырбастау орындарында доллар орташа есеппен 538,97 теңгеден сатып алынып, 540,88 теңгеден сатылып жатыр. Еуро бағасы 625,47-630,14 теңге, ал рубль — 6,57-6,69 теңге аралығында.
Астанада доллар 536,85 теңгеден сатып алынады, 541,85 теңгеден сатылады. Еуро 624,00 теңгеден алынып, 634,00 теңгеден беріледі. Рубль 6,63-6,74 теңге.
Ал Шымкентте доллар орта есеппен 538,78 теңгеден алынып, 541,78 теңгеден сатылады. Еуро 624,87-629,96 теңге аралығында, ал рубль 6,61-6,68 теңге көлемінде белгіленген.
Еске салайық, 29 тамыздағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 538,54 теңге болып, 0,77 теңгеге өскен еді.