АҚШ Венесуэлада дыбыстық қару қолданды

АСТАНА. KAZINFORM – Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Левитт әлеуметтік желідегі жазбасында АҚШ Венесуэла президентін тұтқындау кезінде дыбыстық қару пайдаланғанын хабарлаған куәгермен сұхбат жариялады, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі. 

США применили звуковое оружие в Венесуэле
Фото: history.com

Левитт X-тегі жазылушыларын АҚШ әскери операциясы барысында болған оқиға туралы Венесуэла билігінен құлатылған президент Николас Мадуроға адал венесуэлалық күзетшінің әңгімесін оқуға кеңес берді. 

Куәгер сұхбатында АҚШ Мадуроны тұтқындаған Каракастағы әскери базада күзетші болғанын хабарлады. 

- Біз аса сақ болдық. Алайда бір уақытта түсініксіз жағдайда радар жүйесі істен шықты. Бұдан кейін біз ұшқышсыз ұшатын аппараттар ұшып келді, олар көп еді және біз орналасқан жердің үстінен ұшып жүрді. Біз қалай әрекет ету керектігін білмедік, - деді венесуэлалық күзетші. 

Оның айтуынша, ұшқышсыз ұшу аппараттарынан кейін сегізге жуық тікұшақ ұшып келді, олардан шамамен 20 сарбаз түсті.

- Олар технологиялық тұрғыдан өте дамыған еді. Олар біз бұрын-соңды соғысқан ешкімге ұқсамайтын еді. Бұл нағыз қантөгіс болды. Венесуэлалық күзет қызметінде жүздеген адам бар еді, бірақ бізде бірде бір мүмкіндік болмады. Олар соншалықты дәлдікпен және жылдамдықпен оқ жаудырды... әрбір сарбаз минутына 300 рет оқ атып жатқандай сезілді. Біз ештеңе істей алмадық, - дейді Мадуро күзетінің өкілі.

Ол шабуылдаушылардың артықшылығы тек атыс қаруымен шектелмегенін атап өтті. 

- Бір кезде олар бірдеңе ұшырды — мен оны қалай сипаттайтынымды білмеймін... бұл өте күшті дыбыстық толқын сияқты болды. Кенеттен басым іштен жарылып жатқандай сезіндім. Бәріміздің мұрнымыздан қан кете бастады. Кейбіреулер қан құсып жатты. Біз жерге құлап, қозғала алмай қалдық. Осы жиырма адам өздері шығынға ұшырамастан, біз жақтан жүздеген адамды өлтірді. Бізде олардың технологиясымен, қару-жарақтарымен бәсекелесудің еш мүмкіндігі болмады. Ант етемін, мен мұндайды ешқашан көрген емеспін. Біз тіпті сол дыбыстық қару ма, әлде басқа нәрсе ме, содан кейін аяғымызға тұра алмадық, - деп хабарлады куәгер

АҚШ Венесуэлада Николас Мадуроны ұстау операциясын қалай жүргізгенін мына материалдан оқи аласыз. 

Бұған дейін Венесуэлада АҚШ-тың әскери араласуы кезінде қажетті қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ете алмағаны үшін президент Николас Мадуроның күзет қызметіне жауапты генерал-майор Хавьер Маркано Табата қызметінен босатылғанын жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар