13:00, 17 Шілде 2025 | GMT +5
Ақша айырбастау орындарында доллар 531-534 теңгеден саудаланып жатыр
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Ұлттық банктің 17 шілдеге арналған ресми бағамы – 1 доллар үшін 526, 50 теңге.

Ал Kurs.kz мәліметінше, Алматыда доллар орта есеппен 531,83 теңгеге сатып алынады және 534,34 теңгеге сатылып жатыр. Еуро бағамы 609,52 – 619,81 теңге аралығында, ал рубль 6,68 – 6,80 теңге шамасында саудаланып жатыр.
Елордадағы жағдай осыған ұқсас:
– доллар: сатып алу – 527,79 теңге, сату – 534,73 теңге;
– еуро: сатып алу - 611,79 теңге, сату - 621,66 теңге;
– рубль: сатып алу - 6,70 теңге, сату - 6,85 теңге.
Шымкентте де доллар бағамы 534 теңгеден асты. Мұнда орташа сатып алу бағамы – 531,74 теңге, сату – 534,74 теңге.
Еске салайық, 16 шілдеде күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 526,50 теңге болды.