Ақша айырбастау орындарында доллар, еуро мен рубль қанша теңгеден саудаланып жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 520 — 526 теңгеден саудаланып жатыр.

валюта
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Ұлттық банктің 13 шілдеге ұсынған ресми бағамы — бір долларға 520,93 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,68 теңге. Еуро — 609,07.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 523,9 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы —521,7 теңге. Еуро сатып алу бағамы — 608,5 сату құны — 612,5.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 526 теңге, сатып алу құны — 520 теңге. Еуро 608 теңгеден сатып алынып, 615 теңгеден сатылып жатыр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,55— 6,71 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 11 шілде күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,46 теңгеге қымбаттап, 520,93 теңге болған. 

Бұған дейін Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме кез келген уақытта өзгеруі мүмкін екенін айтқан болатын

Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты

Соңғы жаңалықтар