Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 521 – 527 теңгеден саудаланып жатыр.

валюта
Фото: freepik

Ұлттық банктің 4 ақпанға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 521,60 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,25 теңге. Еуро — 534,27.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 521 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 523 теңге. Еуро 535 — 539 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 521 теңге, сатып алу құны — 527 теңге. Еуро 533 теңгеден сатылып, 540 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,19 - 5,29 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 3 ақпан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,63 теңгеге қымбаттап, 521,83 теңге болған.

Осыған дейін Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы 2025 жылы доллар 545 теңгеге дейін баруы мүмкін екенін айтты

Сондай-ақ Ұлттық банк валюта айырбастаудың жаңа ережесін бекітетінін мәлімдеді.

Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.

Соңғы жаңалықтар