Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 510 — 516 теңгеден саудаланып жатыр.

доллар, тенге
Фото: Александр Павский / Kazinform

Ұлттық банктің 14 маусымға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 511,92 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,44 теңге. Еуро — 588,91

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 513,8 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы —512 теңге. Еуро сатып алу бағамы — 587 сату құны — 592.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 516 теңге, сатып алу құны — 510 теңге. Еуро 588 теңгеден сатып алынып, 593 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,36 — 6,52 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 13 маусым күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,22 теңгеге төмендеп, 511,92 теңге болған. 

Бұған дейін Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме кез келген уақытта өзгеруі мүмкін екенін айтқан болатын.

Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.

Соңғы жаңалықтар