Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 517 – 523 теңгеден саудаланып жатыр.

валюта
Фото: freepik

Ұлттық банктің 5 ақпанға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 520,27 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,24 теңге. Еуро — 537,65.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 519,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 522,5 теңге. Еуро 538 — 542 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 517 теңге, сатып алу құны — 523 теңге. Еуро 533 теңгеден сатылып, 540 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,17 - 5,27 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 4 ақпан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,72 теңгеге төмендеп, 520,11 теңге болған.

Осыған дейін Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы 2025 жылы доллар 545 теңгеге дейін баруы мүмкін екенін айтты. 

Сондай-ақ Ұлттық банк валюта айырбастаудың жаңа ережесін бекітетінін мәлімдеді. 

Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.

Соңғы жаңалықтар