Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр
АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 508 — 514 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 14 мамырға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 510,06 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,32 теңге. Еуро — 566,32.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 510 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 513 теңге. Еуро сатып алу бағамы — 566, сату құны — 572.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 514 теңге, сатып алу құны — 508 теңге. Еуро 564 теңгеден сатып алынып, 571 теңгеден сатылып жатыр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,15 — 6,35 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 13 мамыр сәуір күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,33 теңгеге төмендеп, 510,06 теңге болған.
Бұған дейін Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме кез келген уақытта өзгеруі мүмкін екенін айтқан болатын.
Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.