Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 495 — 501 теңгеден саудаланып жатыр.

Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Ұлттық банктің 6 наурызға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 496,71 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,55 теңге. Еуро — 531,33.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 500 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 497 теңге. Еуро 524 — 529 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 501 теңге, сатып алу құны — 495 теңге. Еуро 533 теңгеден сатылып, 526 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,41 — 5,56 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 5 наурыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,05 теңгеге төмендеп, 496,66 теңге болған

Осыған дейін Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы 2025 жылы доллар 545 теңгеге дейін баруы мүмкін екенін айтты

Сондай-ақ Ұлттық банк валюта айырбастаудың жаңа ережесін бекітетінін мәлімдеді

Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.

Соңғы жаңалықтар