Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 522 — 527 теңгеден саудаланып жатыр.

Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр
Фото: freepik

Ұлттық банктің 23 қаңтарға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 520,91 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,29 теңге. Еуро — 544,25.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 522 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 526 теңге. Еуро 542 — 547 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 523 теңге, сатып алу құны — 527 теңге. Еуро 542 теңгеден сатылып, 548 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,17 — 5,27 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 22 қаңтар кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 6,19 теңгеге төмендеп, 520,88 теңге болған.

Осыған дейін Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы 2025 жылы доллар 545 теңгеге дейін баруы мүмкін екенін айтты. 

Сондай-ақ Ұлттық банк валюта айырбастаудың жаңа ережесін бекітетінін мәлімдеді. 

Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.

Соңғы жаңалықтар