Ақша айырбастау орындарында доллар қаншадан саудаланып жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды.

Тенге доллар
Фото: Kazinform/ Pixabay

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта елорданың ақша айырбастау пункттерінде:

- доллар 463,97 теңгеден сатып алынады, 470,91 теңгеден сатылады;

- еуро: сатып алу - 547,19 теңге, сату - 557,00 теңге;

- рубль: сатып алу - 5,99 теңге, сату - 6,30 теңге;

- юань 68,48 теңгеден сатып алынады, 74,00 теңгеден сатылады.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде:

- доллар: сатып алу - 467,09 теңге, сату - 469,66 теңге;

- еуро: сатып алу - 548,11 теңге, сату - 554,49 теңге;

- рубль 6,07 - 6,19 теңге аралығында саудаланады.

- юань 68,82 - 71,74 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Еске салайық, 20 сәуір күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,14 теңгеге өсіп, 469,49 теңге болды.

Соңғы жаңалықтар