Ақша айырбастау пунктерінде еуро бағамы 606 теңгеден асты

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллар, еуро мен рубльдің теңгеге шаққандағы бағамы өсті. 

Ақша айырбастау пунктерінде еуро бағамы 606 теңгеден асты
Фото: pexels.com

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,92 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 521,57 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 524 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 522 теңге. Еуро сатып алу бағамы — 600, сату құны — 605.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 526 теңге, сатып алу құны — 520 теңге. Еуро 599 теңгеден сатып алынып, 606,5 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,52 - 6,70 аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 20 маусымға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 519,55 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,63 теңге. Еуро — 596,03

Бұған дейін Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме кез келген уақытта өзгеруі мүмкін екенін айтқан болатын.

Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты. 

Соңғы жаңалықтар