«Ақсу» футбол клубына бас бапкер тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысының «Ақсу» футбол клубына бас бапкер қызметіне Вахид Масудов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Вахид Масудов 1959 жылы 10 қазанда дүниеге келген. 1977-1997 жылдарда Қазақстан, Ресей және Германия клубтарында доп тепті.
Тоқсаныншы жылдардан бастап еліміздің «Тараз», «Атырау», «Ақжайық», «Қайрат», «Восток», «Ордабасы», «Локомотив», «Ақтөбе», «Мақтарал» клубтарында бапкерлік қызметте болды. Сондай- ақ, 2001-2002 жылдарда ұлттық құрама тізгінін ұстады. Қазақстан жастар құрамасына да жетекшілік жасады.
Ол 2022-2023 жылдарда қарағандылық «Шахтер» және 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасына жетекшілік жасады.
Айта кетсек, бұған дейін аталған қызметті атқарған украиналық маман Руслан Костышин қызметінен кетті.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстан кубогының ширек финалына шыққан барлық команда белгілі болды.