«Ақсу» командасының бас бапкері қызметінен кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысының «Ақсу» командасы бас бапкер Руслан Костышиннің қызметінен кеткені жөнінде ресми мәлімдеме жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Украиналық маман өткен жылдың қаңтар айында командаға жетекшілік етті. Былтыр Премьер-лиганы клуб алтыншы орынмен аяқтады.
Руслан Костышинмен бірге Виктор Ульяницкий, Владимир Аржанов және Андрей Федоренко сынды мамандар да қызметімен қош айтысты.
Команданың жаңа бапкерлер құрамы жөнінде жақын арада хабарланады.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Жетісу» футбол клубының бас бапкері ауысты.