Ақсу қаласында қатты желден құлаған ағаш әйелді мерт қылды

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Жедел жәрдем қызметі мерт болған әйелдің 1968 жылғы екенін хабарлады.

Ақсу қаласында қатты желден құлаған ағаш әйел адамды мерт қылды
Фото: Видеодан скрин

Ақсу қаласында көлікте отырған әйел адамның кеудесіне қатты желдің салдарынан құлаған ағаш кіріп кеткен. Ол алған жарақаты салдарынан оқиға орнында көз жұмған.

- Жедел жәрдемге шақыру сағат 17:29-да түсті. Әйелдің кеуде тұсына құлаған ағаш қадалған. Оқиға орнына жеткен медицина қызметкерлері 1968 жылы туған әйел адамның ауыр жарақаттар алғанын және оқиға орнында көз жұмғанын растады, - деп хабарлады өңірлік жедел жәрдем стансасынан.

Бүгін түстен кейін Павлодар облысы аумағында сұрапыл дауыл жүріп өтті. Салдарынан елді мекендерде ағаштар құлап, электр желілері үзілді. Ғимараттар мен автокөліктерге зақым келгені туралы ақпараттар тарап жатыр.

Өңірлік төтенше жағдайлар департменті желдің жылдамдығы секундына 28 метрге жеткенін хабарлады.

Еске сала кетейік, Екібастұзда 500 кВ электр жеткізу желісі апаттық жағдайда ажыратылды.

Арада көп уақыт өтпестен Екібастұз энергия торабының жұмысы қалпына келтірілді.

Соңғы жаңалықтар