Ақсу қаласында «Жасөспірім» операциясының қорытындысы шығарылды

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 18 қаңтар. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - 16 қаңтарда Павлодар облысына қарасты Ақсу қаласында «Жасөспірім» кешенді операциясы аяқталды,
None
None

деп хабарлады қалалық ішкі істер бөлімінен.

Операция барлық қызметтердің, қала мен қала маңындағы селолық аумақтардағы білім ошақтарының, сондай-ақ жұртшылықтың қатысуымен өтті.

Аталмыш шараның бес күнінде Ақсудың ішкі істер бөліміне 38 жасөспірім жеткізілді, олардың 28-і - ата-аналарының қарауынсыз жүрген балалар болып шықты. 10 жасөспірім қоғамдық орында алкогольдік ішімдік ішкендері үшін жауапқа тартылды. Ал кәмелетке толмағандардың сағат 22.00-ден кейін ойын-сауық орындарына баруларына жол берген және ата-аналық міндеттерін лайықты атқармаған 19 ересекті әкімшілік жаза күтіп тұр. Сондай-ақ, мамандандырылған әкімшілік сот кәмелетке толмағандарға темекі және алкголь өнімдерін сатқандары үшін «Березка» және «Продукты» дүкендерінің сатушыларына айыппұл салды. Бес жасөспірім профилактикалық есепке қойылса, тағы алты бала тізімдік есепке алынды, оның төртеуі - сабақтан қашып жүргендер.

Оған қоса, мектептерге құқықтық тақырыпқа арналған 50 дәріс оқылды.

Соңғы жаңалықтар