07:30, 07 Қазан 2013 | GMT +5
Ақсуда кісі өлтірген ер адам құрықталды
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 7 қазан. ҚазАқпарат - Ақсу полиция инспекторлары 43 жастағы қала тұрғынын ұстады, деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінен.

Ол адамның денсаулығына зиян келтіріп, оның өліміне себепкер болды деген күдікпен құрықталды. Ер адам түннің бір уағында қаладағы пәтерлердің бірінде әйелдің кеудесіне пышақ сұғып алған. Зардап шеккен әйел жедел жәрдем көлігінде ес жимастан көз жұмды.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.