Ақсуда жоғалған балалар компьютерлік клубтан табылды

Полицейлер іздеу шараларын ұйымдастырды. Жоғалғанның достары мен сыныптастары жауапқа алынды. Бала 2004 жылы туған досымен компьютерлік клубқа ойнауға кеткені туралы белгілі болды. Оны тексергенде компьютерлік клубқа кіретін есік жабық болды. Шамамен таңғы сағат 10-да клуб ашылды, жеткіншектер ол жерден шығып, үйлеріне барды. Олар түні бойы компьютерлік клубта болғанын айтты.
Бұл факт кәмелетке толмағандар құқықтары және ісі бойынша қалалық комиссия отырысында қаралады.
Балалардың ата-аналарына кәмелетке толмағандар түнгі уақытта көңіл көтеретін мекемелерде заңды өкілсіз жүргені үшін ҚР әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 442-бабы 1-бөлімі бойынша 3 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
Компьютерлік клубтың иесіне қатысты кәмелетке толмаған балалрдың түнгі уақытта көңіл көтеру орындарында жүргені үшін ҚР әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 132-бабына сәйкес әкімшілік өндіріс қозғалып, іс сотқа жіберілді. Аталған бапта 45 АЕК көлемінде айыппұл төлеу қарастырылған.