Ақталып шыққан Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары моральдық шығын ретінде 100 млн теңге сұрады
2020 жылдың сәуір айында Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Жангелді Әубәкіров ұсталып, Қылмыстық кодекстің «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу» бабы бойынша тергеу жүрді.
Ал 2021 жылдың маусым айында Ақтөбе қалалық № 2 сотында қала әкімінің орынбасары Жангелді Әубәкіров, қалалық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Досов, мердігер мекеме басшысы С.Жанасбаев, бас есепші Д.Дүйсемби, жеке кәсіпкер Н.Мұстафинге қатысты қылмыстық іс қаралды. Жаңа жыл кезінде безендіру жұмыстарына бөлінген ақша талан-таражға түсіп, мемлекетке 90 млн теңгеден астам залал келгені айтылды.
«Сот Досов пен Әбубәкіровті 7 жылға, Жанасбаев пен Мұстафинді 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Дүйсембиге 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Оның жас баласы болуына байланысты жазасын өтеуді 5 жылға кейінге қалдырды», - деп хабарлады №2 қалалық соттың баспасөз қызметі.
Ара
«Ақтөбе қалалық сотында Ж.Әубәкіровтің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінен, Ақтөбе қаласының әкімінен 100 000 000 теңге көлемінде моральдық залалды өндіру туралы талап қою арызы қаралды. Сот шешімімен талап ішінара қанағаттандырылып, 5 000 000 теңге сомасында моральдық зиян өндірілді. Талаптың қалған бөлігі қанағаттандырусыз қалдырылды. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ», - деп хабарлады Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі.