Ақтау қаласындағы бірқатар шағын ауданда уақытша ыстық су мен жылу болмайды
Ақтау қаласының әкімдігі қаладағы бірқатар шағын ауданда ыстық су мен жылуға уақытша шектеу қойылғанын мәлімдеді, деп хабарлады Kazinform.

«Ақтауда 16 шағын аудандағы жылу желісінде болған ақауға байланысты 16, 17, 18, 19, 20, 20А ш/а кейбір үйлерге жылу мен ыстық суға уақытша шектеу қойылды», - деді қала әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Жылу желісіндегі ақау шыққан жерде «Каспий жылу, су арнасы» мекемесінің мамандары жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Аталған жұмыстарды Ақтау қаласының әкімі Ұлықбек Тналиев өз қадағалауына алды.
«Бізде 16 шағын аудандағы жылу желісінде ақау табылды. Соған сәйкес, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жылу бойынша 16, 17, 18, 19, 20, 20А шағын аудандардағы кейбір үйлерге уақытша шектеу қойылды. «Каспий жылу, су арнасы» мекемесінің мамандары тез арада ақауды жөндеуге жұмыстанып жатыр», - деді қала әкімі.
- Жылу мен ыстық судан уақытша шектелген шағын аудандардағы үйлер:
-16 шағын аудан 31,33/3, 33/7,43, 43/1,43/2, 43/3,49,50,55,56,57,59, 60, 61,63,63/1, 63/2,64,67,68,69, 77,79,85, 86,86/1, 89,90, 91,92, 93,94-үй.
-17 шағын аудан 3,4,5,23,24,24/1,25,25а,б., 26,27,28,29,30,43,44,45,46,51,54,55,82,83,84,85,86,90,91,92,93,94,95,96,101,102,103,104,105,107,110,112,113,115/1,217,217/1-үй, «Оқушылар сарайы», колледж, бизнес орталықтары;
-18 шағын аудан 3,18,19,20,21,28ү, «Шахар Плаза», «Империя Тауэрс» ТҮК.
-18а шағын ауданы толығымен.
-19 шағын аудан 5,13,15-үй,
-20 шағын ауданның 5,7,17-үй.
-20а шағын аудан 21-үй.